15
ноябрь
2019
«Қыз болашағы - ұлт болашағы» онкүндігі
15.11.2019 жылы №242 негізгі орта мектебінде «Қыз болашағы - ұлт болашағы» онкүндігі аясында Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Өтепбергенова Сымбат «Қыз - өмірдің қызғалдағы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өту барысында оқушыларға түрлі жұмбақтар жасырылып, қыздарға қатысты мақал - мәтелдер айтылды. Ару қыздардың тағдыры мен келешегіне алаңдаған дана қазақ - тағылымы мол нақыл сөздермен бүтін елдің анасын тәрбиелеген деп қорытындылады.







