14
ноябрь
2019
Қызға қырық үйден тыйым
№242 негізгі орта білім беру мектебінде «Қыз болашағы – ұлт болашағы» онкүндік аясында бастауыш сынып мұғалімі Досмаганбетова Әселлдің ұйымдастырумен «Қызға қырық үйден тыйым» атты дебат болып өтті. Дебатты «Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын» атты кіріспе сөзден бастады. Кіріспеде қазақ қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлгендігі, қыз бала тәрбиесіне тек ата – анасы ғана емес, бүкіл ауыл, бүкіл ел жауапты екендігі туралы көптеген мәлімет берілді.
Ал негізгі бөлімде қыздарды «Бұрынғы заман қыздары және қазіргі заман қыздары » атты екі топқа бөлді, әр топ «Ия және Жоқ» деген позициясын қорғау керектігін айта отырып, қыздарға арналған видеоролик көрсетілді. Қатысушыларға «Қазақ қызы.. Кеше... Бүгін» атты ортақ сауал тастау арқылы дебат жалғастырылды. Сауалға бірінші боп «Бұрынғы заман қыздары» тобының мүшесі Халелова Інжу қазақ қыздарының өзгермегендігін, қазақы қалпын, қазақилығын сақтап қалғандығын айтса, қарсы топ яғни «Қазіргі заман қыздары» тобының мүшесі Уалиханова Құндыз оған қарсы екендігін яғни қазіргі қыздардың заман талабына сай өзгергендігін, бойларында «еліктеушілік» басым екендігін батысқа көп еліктеп, батыстың мәдениетін ұстанатындығын жеткізді. Жалпы дебатта сөз алған екі топтың мүшелері қыздардың тәрбиелі болуы ата – анасына, ұстазына және қоршаған ортасына байланысты екендігін және батыстың тек жақсы жақтарын яғни мәдениетін, білімділігін және біздің қазақы мәдениетімізге сай жақтарын ала отырып жаман жақтарынан жирену керектігін айтты. Жалпы дебатта қыз тәрбиесіне қатысты көптеген пікірлерін ортаға салды. Дебат соңында қатысушы қонақтар яғни мектебіміздің оқу- тәрбие орынбасары Қ.Сариева апаймызда «Қазақ қыздары басынан бұзылу қаупін кешіруде» деген сұраққа өз жауабын жеткізді. Ол кісі өз сөзінде: жалпы тәрбие отбасынан басталатындығын, бала тәрбиелеу ағаш өсірумен бірдей екендігін, яғни ағашты қалай баптасаң солай тіп – тік болса, бала да кішкентай кезден калай тәрбиеленсе солай тәртіпті бала болатындығын айтты. Жалпы пікірі «Тәрбие – отбасынан басталады» деген пікірге сияды. Ал екінші болып «Қыздар ұйымының жетекшісі» Ұ. Түкібаева апаймыз «Болашақ келініздің қандай болғандығын қалайсыз» деген сұраққа «Болашақ келінінің қазақ қызына лайық ақылды, тәрбиелі, инабатты, ибалы, отбасына адал жар бола алатындай келін болғандығын қалайтынын» жеткізді. Үшінші боп сөз алған Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі С. Өтепбергенова апайымыз «Мектептегі қыздарға көңілің тола ма?» деген сауалға Қыздарға көңілі толатындығын, қыздардың білім мен қатар тәрбиелі болуды үйрені, өсіп жатқандығын тілге тиек етті.
Қорытынды бөлімде дебатты жүргізуші А. Досмаганбетова қыздарымыздың ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, әдепті қыз тәрбиелеу ұлы парызымыз екендігін айта келе, ақын ағаларымыз «Мен қазақ қызына қайран қалам » деп жырлағандай Қазақ қызы деген атқа лайық болу керектігін және де соған сенетіндігін жеткізе отырып, дебатты аяқтады.